"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Баталов |
Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 138 қаулысына қосымша |
Алматы облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
1. Алматы облысы әкімдігінің "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 426 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3509 тіркелген, 2015 жылдың 20 қарашасында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
2. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 426 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 19 тамыздағы № 439 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3972 тіркелген, 2016 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
3. Алматы облысы әкімдігінің "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2015 жылғы 22 қазандағы № 465 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3579 тіркелген, 2016 жылдың 10 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы;
4. Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қазандағы "Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" № 465 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 14 шілдедегі № 380 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3941 тіркелген, 2016 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы;
5. Алматы облысы әкімдігінің "Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 наурыздағы № 125 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4637 тіркелген, 2018 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысы.