Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

Алматы облысы Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 46-273 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 15 сәуірде № 5478 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының, 1-тармағының 15) тармақшасына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Текелі қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Текелі қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға және тұрғын үй-жайларды жылыту үшін отын сатып алуға біржолғы ақшалай өтемақы белгілеу туралы" 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 38-249 (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылдың 20 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Текелі қаласының ауылдық елді мекенінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2017 жылғы 3 наурыздағы № 13-77 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4185 тіркелген, 2017 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Осы шешімінің орындалуын бақылау Текелі қалалық мәслихатының "Бюджет және экономика мәлелелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Текелі қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Д. Нусупов
      Текелі қалалық мәслихатының
      хатшысы Н. Калиновский

  Текелі қалалық мәслихатының 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 46-273 шешіміне қосымша

Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері

1. Жалпы ережелер

      1. Текелі қаласының Рудничный ауылында тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен (бұдан әрі - мамандар) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау (бұдан әрі - әлеуметтік қолдау) жылына бір рет көрсетіледі.

      2. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті орган - "Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

2. Әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі

      3. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мемлекеттік ұйымдарының ұсынымы бойынша тізімдерін Рудничный ауылдық округ әкімдіктерімен бекітілген тізім негізінде, өтінішті талап етпестен әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау төлемдері заңнамада белгіленген тәртіппен мамандардың дербес шоттарына сомаларды аудару үшін жасалған келісімшарттар негізінде уәкілетті органымен ұсынған тізімдемеге сәйкес екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.

3. Әлеуметтік қолдау көрсету мөлшері

      5. Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

4. Көрсетілетін әлеуметтік қолдауды тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      6. Әлеуметтік қолдау төменгі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Текелі қаласының Рудничный ауылының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде.

      Әлеуметтік қолдауды төлеу көрсетілген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      Артық төленген сомалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерікті немесе өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

Об утверждении порядка и размера оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в селе Рудничный города Текели

Решение Текелийского городского маслихата Алматинской области от 8 апреля 2020 года № 46-273. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 15 апреля 2020 года № 5478

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Текелийский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в селе Рудничный города Текели согласно приложению к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу следующие решения Текелийского городского маслихата:

      1) "Об установлении единовременной денежной компенсации на покрытие расходов за коммунальные услуги и на приобретение топлива для отопления жилых помещений педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности" от 30 апреля 2015 года № 38-249 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3182, опубликован 20 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет");

      2) "О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций социального обеспечения, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельском населенном пункте города Текели" от 3 марта 2017 года № 13-77 (зарегистрирован в Реестре государственной регистраций нормативных правовых актов № 4185, опубликован 28 апреля 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      4. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Текелийского городского маслихата "По вопросам бюджета и экономики".

      5. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Текелийского
      городского маслихата Д. Нусупов
      Секретарь Текелийского
      городского маслихата Н. Калиновский

  Приложение к решению Текелийского городского маслихата от 8 апреля 2020 года № 46-273

Порядок и размер оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в селе Рудничный города Текели

1. Общие положения

      1. Социальная поддержка по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств (далее - социальная поддержка) оказывается специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в селе Рудничный города Текели (далее - специалисты) один раз в год.

      2. Назначение социальной поддержки осуществляется уполномоченным органом - государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Текели".

2. Порядок оказания социальной поддержки

      3. Социальная поддержка оказывается без истребований заявлений, на основании списков, утвержденных акиматом Рудничного сельского округа по предоставлению государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии.

      4. Выплата социальной поддержки производится через банки второго уровня, с которыми в установленном законодательством порядке заключен договор для зачисления сумм на лицевые счета специалистов, на основании представленных уполномоченным органом ведомостей.

3. Размер оказания социальной поддержки

      5. Социальная поддержка специалистам оказывается один раз в год за счет бюджетных средств в размере 5 (пять) месячных расчетных показателей.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной поддержки

      6. Социальная поддержка прекращается в случаях:

      1) смерти получателя;

      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы село Рудничный города Текели.

      Выплата социальной поддержки прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.

      Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином порядке установленном законодательством Республики Казахстан.