Ескерту. Күші жойылды - Жетісу облысы Ақсу аудандық мәслихатының 13.12.2023 № 19-85 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақсу аудандық мәслихатының "Ақсу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 28-139 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4706 тіркелген, 2018 жылдың 25 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақсу ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6) тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
"1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";
"4) 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні.";
7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редақцияда баяндалсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері - 500 айлық есептік көрсеткіш;";
"5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай - 5 айлық есептік көрсеткіш;";
7) - тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар - 5 айлық есептік көрсеткіш.";
7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редақцияда баяндалсын:
"3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасын есептегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";
"11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақсу аудандық мәслихатының "Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық – экологиялық кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақсу аудандық мәслихатының сессия төрағасы | А. Досмухамбетов |
Ақсу аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Сулейменов |