"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алакөл аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Алакөл ауданындағы аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 3-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3855 тіркелген, 2016 жылдың 28 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Алакөл аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 наурыздағы № 15-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4200 тіркелген, 2017 жылдың 2 мамырында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихатының аппарат басшысы Жақыпбек Ұлбала Қосымқызына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алакөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы | К. Абдрахманов |
Алакөл аудандық мәслихат хатшысы | С. Жабжанов |