Жамбыл ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 ақпандағы № 67-309 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 20 ақпанда № 5425 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 3-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Жамбыл аудандық мәслихатының 15.03.2021 № 3-15 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.

      2. Жамбыл аудандық мәслихатының "Жамбыл ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы" 2015 жылғы 27 мамырдағы № 47-322 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3240 тіркелген, 2015 жылдың 24 шілдесінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл аудандық мәслихатының "Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жамбыл аудандық мәслихатының сессия төрағасы Ы. Амалбек
      Жамбыл аудандық мәслихат хатшысы С. Жұрын

Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района

Решение Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 13 февраля 2020 года № 67-309. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 20 февраля 2020 года № 5425. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 15 марта 2021 года № 3-15

      Сноска. Утратило силу решением Жамбылского районного маслихата Алматинской области от 15.03.2021 № 3-15 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 4 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Жамбылский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах, а также указанным специалистам, работающим в государственных организациях финансируемых из местных бюджетов, повышенные на двадцать пять процентов оклады и тарифные ставки по сравнению со ставками специалистов, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      2. Признать утратившим силу решение Жамбылского районного маслихата "Об установлении повышенных на двадцать пять процентов окладов и тарифных ставок специалистам в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района" от 27 мая 2015 года № 47-322 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3240, опубликован 24 июля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Жамбылского районного маслихата "По экономической реформе, бюджету, тарифной политике, развитию малого и среднего предпринимательства".

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Жамбылского районного маслихата Ы. Амалбек
      Секретарь Жамбылского районного маслихата С. Жұрын