"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" 2014 жылғы 07 сәуірдегі № 30-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген, 2014 жылдың 27 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының сессия төрағасы | В. Вальков |
Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Ахметов |