"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарабұлақ ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 8 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабұлақ ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:
Қарабұлақ ауылындағы "Я. Свердлов" көшесі "Береке" көшесіне, "Ворошилов" көшесі "Теректі" көшесіне, "Клара Цеткин" көшесі "Аққайың" көшесіне, "Лихачев" көшесі "Ханшатыр" көшесіне, "Белинский" көшесі "Өркен" көшесіне, "Плеханов" көшесі "Жаңалық" көшесіне;
Ешкіөлмес ауылындағы "М. Кутузов" көшесі "Сарноқай" көшесіне, "Ушаков" көшесі "Үшкөл" көшесіне, "Нахимов" көшесі "Алатау" көшесіне, "Суворов" көшесі "Көктал" көшесіне, "Чкалов" көшесі "Жібек жолы" көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары С. Оналбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округі әкімі | Б. Дюсебаев |