Іле аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 ақпандағы "Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 22-110 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 53-233 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 16 наурызда № 5438 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 11-38 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 04.10.2023 № 11-38 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2018 жылғы 26 ақпандағы № 22-110 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4579 тіркелген, 2018 жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Іле ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6-тармақтың 1) және 4) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;";

      "4) 29 – тамыз Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні;";

      7-тармақтың 1) және 5) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:

      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – 200 айлық есептік көрсеткіш;";

      "5) әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын азаматтарға отбасы табыстарын есепке алмай – 5 айлық есептік көрсеткіш;";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқытылатын балалары бар отбасылар – 5 айлық есептік көрсеткіш.";

      7-тармақтың үшінші абзацтың 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:

      "3) осы Қағидалардың 7-тармағының 10) тармақшасын есептемегенде, облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейіне бір еселік қатынас шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      11-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Тұрғындарды әлеуметтік қорғау, еңбек, жұмыспен қамту, білім, денсаулық сақтау, мәдениет және тіл мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы М. Егембердиева
      Іле аудандық мәслихатының хатшысы Р. Абилова

О внесении изменений и дополнения в решение Илийского районного маслихата от 26 февраля 2018 года № 22-110 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Илийского района"

Решение Илийского районного маслихата Алматинской области от 13 марта 2020 года № 53-233. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 16 марта 2020 года № 5438. Утратило силу решением Илийского районного маслихата Алматинской области от 4 октября 2023 года № 11-38

      Сноска. Утратило силу решением Илийского районного маслихата Алматинской области от 04.10.2023 № 11-38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Илийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Илийского районного маслихата "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Илийского района" от 26 февраля 2018 года № 22-110 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 4579, опубликован 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Илийского района, утвержденных указанным решением:

      подпункты 1) и 4) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "1) 15 февраля – День вывода ограниченного контингента советских войск из Демократической Республики Афганистан;";

      "4) 29 августа – День закрытия Семипалатинского испытательного ядерного полигона.";

      подпункты 1) и 5) пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "1) участники и инвалиды Великой Отечественной войны – 200 месячных расчетных показателей;";

      "5) граждане имеющие социально-значимые заболевания, без учета доходов семьи – 5 месячных расчетных показателей;";

      пункт 7 дополнить подпунктом 10) следующего содержания:

      "10) семьи, дети которых воспитываются и обучаются в дошкольных организациях образования, у которых среднедушевой доход не превышает семьдесят процентного порога, в кратном отношении к прожиточному минимуму по области – 5 месячных расчетных показателей.";

      подпункт 3) третьего абзаца пункта 7 изложить в следующей редакции:

      "3) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, в однократном отношении к прожиточному минимуму по области, за исключением подпункта 10) пункта 7 настоящих Правил.".

      подпункт 2) пункта 11 исключить.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Илийского районного маслихата "По вопросам социальной защиты населения, труда, занятости, образования, здравоохранения, культуры и языка".

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Илийского районного маслихата М. Егембердиева
      Секретарь Илийского районного маслихата Р. Абилова