Ескерту. 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 3-тармағымен.
"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Іле аудандық мәслихатының "Іле ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № 35-166 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4966 тіркелген, 2019 жылдың 03 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Іле аудандық мәслихатының "Бюджет, әлеуметтік-экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Іле аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Е. Турумбетов |
Іле аудандық мәслихатының хатшысы | Р. Абилова |