"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" 2016 жылғы 31 наурыздағы № 2-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3804 тіркелген, 2016 жылдың 16 мамырында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы | А. Исаева |
Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кошкимбаев |