"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 2 наурыздағы № 12-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4160 тіркелген, 2017 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаты аппаратының басшысы К. Абильбековке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы | А. Исаева |
Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы | А. Кошкимбаев |