"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек аудандық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" 2017 жылғы 27 ақпандағы № 12-71 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4157 тіркелген, 2017 жылдың 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихат аппаратының басшысы Саретбаев Габит Булатовичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Райымбек аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | К. Бошугулов |
Райымбек аудандық мәслихатының | |
хатшысы | Е. Кудабаев |