"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес және Жаркент қаласы халқының пікірін ескере отырып, 2019 жылғы 24 желтоқсандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Панфилов аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаркент қаласының келесі көшелері:
1) "Набережная" көшесі "Нұржеке Игілікұлы" көшесіне;
2) "Шекарашылар" көшесі "Тұрғанғазы Жапарқұлов" көшесіне;
3) "№ 6" көшесі "Ұзақ батыр" көшесіне;
4) "№ 7" көшесі "Шойнақ батыр" көшесіне;
5) "№ 9" көшесі "Сатай батыр" көшесіне;
6) "№ 10" көшесі "Дөнен би" көшесіне;
7) "№ 11" көшесі "Шәнті би" көшесіне;
8) "№ 12" көшесі "Бөлек батыр" көшесіне;
9) "№ 13" көшесі "Бағай батыр" көшесіне;
10) "№ 16" көшесі "Салпық би" көшесіне;
11) "№ 17" көшесі "Нәби Сарпеков" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы бірлескен Панфилов аудандық маслихатының шешімі мен Панфилов ауданы әкімдігінің қаулысының орындалуын бақылау Панфилов аудандық маслихатының "Заңдылық, азаматтардың құқығын, қоршаған ортаны қорғау, коммуналдық қызмет мәселері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы бірлескен шешім және қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Панфилов ауданының әкімі | Т. Умралиев |
Панфилов аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | Д. Акшалов |
Панфилов аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Е. Шокпаров |