"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шонжы ауылдық округінің Шонжы ауылындағы "Транспортная" көшесі "Ақжолтай Тұрдалыұлы Мамбеталиев" көшесіне, "Старый городок" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Микрорайон" көшесі "Шаңырақ" көшесіне, "1-ші Транспортная" көшесі "Наурыз" көшесіне, "2-ші Транспортная" көшесі "Өрлеу" көшесіне, "2-ші Қыдырбаев" көшесі "Көктем" көшесіне, "2-ші Маметова" көшесі "Тұран" көшесіне, "2-ші Ажар" көшесі "Береке" көшесіне, "Заводская" көшесі "Заңғар" көшесіне, "2-ші Садыр" көшесі "Жерұйық" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шонжы ауылдық округінің әкімі | А. Курбаниязов |