"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Кеген ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеген ауданы әкімінің "Кеген ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 25 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4973 тіркелген, 2019 жылдың 03 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
шешімнің қосымшасының 5-тармағы алынып тасталсын;
шешімнің қосымшасының 3-тармағының екінші абзацы "Темірлік ауылы" сөзімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Исаев Медет Шайткановичқа жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелеген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жариаланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Байедилов |