"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Кеген аудандық мәслихатыШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Ауданның экономикалық дамуы, жергілікті бюджет, табиғатты қорғау және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кеген аудандық мәслихатының | |
сессия төрағасы | С. Смагулов |
Кеген аудандық маслихаттың | |
хатшысы | Н. Советов |