"Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шымкент қаласы мәслихатының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 69/635-6с шешiмi. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 131 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағы 12-3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 29 наурыздағы № 47/386-6с (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28 болып тіркелген, 2019 жылғы 16 сәуірде нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешімдегі:

      1-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;

      көрсетілген шешіммен бекітілген Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережедегі:

      1-тармақтың орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгертілмеді;

      2-тармақ қазақ тіліндегі мәтін мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2. Шымкент қаласының Құрмет грамотасымен (бұдан әрі - Құрмет грамотасы) Шымкент қаласы алдындағы сіңірген еңбегін танудың белгісі ретінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, қала көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметте, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда нақты нәтижелерге қол жеткізген және қоғамның құрметіне ие болған азаматтар наградталады.

      Шымкент қаласына еңбегі сіңген шетел азаматтарын наградтауға жол беріледі.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Құрмет грамотасымен осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет саласында кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар Шымкент қаласының азаматтары марапатталады.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Құрмет грамотасымен наградтау заңсыз сотталған және кейіннен сот шешімі бойынша толық ақталған тұлғаларды қоспағанда соттылығы бар, сондай-ақ бұрын сотты болған тұлғаларға берілмейді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Aзаматты және шетел азаматын Құрмет грамотасымен наградтау туралы өтініш хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, айын, жылын, білімі туралы, жарғылық немесе құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және өтініш жасалған күндегі атқаратын лауазымын толық көрсете отырып, жұмыс орны туралы мәліметтерді, еңбек қызметі туралы мәліметтерді, осы Ереженің 2-тармағына сәйкес бұрыннан бар наградаларымен құрметті атақтары туралы мәліметті көрсету арқылы Шымкент қаласының әкімдігіне жолданады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Ереженің 6-тармағында аталған құжаттар наградтау күнінен кем дегенде бес күн бұрын Шымкент қаласының әкімдігіне қарау және келісу үшін ұсынылады.";

      15-тармақ қазақ тіліндегі мәтін мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "15. Құрмет грамотасы наградталған тұлға, аталған тұлғаға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда, қала әкімінің ұсынымы негізінде, мәслихат шешімі бойынша ол атақтан айырылады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы Ереженің 15-тармағында көзделген негіздер бойынша Құрмет грамотасынан айырылған тұлға, қайталап аталған атақ беруге ұсыныла алмайды.".

      2. "Шымкент қаласы мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімнің Шымкент қаласы мәслихатының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы
      мәслихаты сессиясының төрайымы Т. Султанова
      Шымкент қаласы
      мәслихатының хатшысы Г. Ташкараев

О внесении изменений в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент"

Решение маслихата города Шымкент от 14 сентября 2020 года № 69/635-6с. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Шымкент 29 сентября 2020 года № 131

      В соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат города Шымкент РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата города Шымкент от 29 марта 2019 года № 47/386-6с "Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой города Шымкент" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 28, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов 16 апреля 2019 года) следующие изменения:

      в решении о награждении Почетной грамотой города Шымкент:

      в пункт 1 на русском языке вносится изменение в следующей редакции, текст на казахском языке не меняется:

      "1. Утвердить прилагаемое положение о награждении Почетной грамотой города Шымкент.".

      В положении о награждении Почетной грамотой города Шымкент, утвержденный указанным решением:

      в пункт 1 на русском языке вносится изменение в следующей редакции, текст на казахском языке не меняется:

      "1. Настоящее положение о награждении Почетной грамотой города Шымкент (далее - Положение) разработано в соответствии с подпунктом 12-3) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и регулирует порядок награждения Почетной грамотой города Шымкент.";

      в тексте на казахском языке пункт 2 изменен, в тексте на русском языке не вносится изменение;

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Почетной грамотой награждаются граждане города Шымкент, имеющие стаж работы в сфере службы указанных в 2 пункте настоящего Положения не менее 5 лет.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Награждение Почетной грамотой не присваивается лицам, имеющим судимость, а также ранее судимым, за исключением лиц, незаконно осужденных и впоследствии полностью реабилитированных по решению суда.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Ходатайство о награждении гражданина и иностранного гражданина Почетной грамотой направляется в акимат города Шымкент с указанием фамилии, имени, отчества (при наличии), даты рождения, месяца, года рождения, сведений об образовании, полного наименования организации в соответствии с уставными или учредительными документами и сведений о месте работы с полным указанием занимаемой должности на дату обращения, сведений о трудовой деятельности, сведений о почетных званиях с имеющимися наградами в соответствии с пунктом 2 настоящего Положения.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Документы, перечисленные в пункте 6 настоящего Положения, представляются в акимат города Шымкент для рассмотрения и согласования не позднее чем за пять дней до даты награждения.";

      в тексте на казахском языке пункт 15 изменен, в тексте на русском языке не вносится изменение;

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Лицо, лишенное Почетной грамоты по основаниям, предусмотренным пунктом 15 настоящего Положения, повторно не допускается рекомендация к присвоению указанного звания.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Шымкент" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Департаменте юстиции города Шымкент;

      2) в течении десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего решения направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания, распространяемые на территории города Шымкент;

      3) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе маслихата города Шымкент после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      маслихата города Шымкент Т. Султанова
      Секретарь маслихата
      города Шымкент Г. Ташкараев