"Құқық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шымкент қаласы әкімдігі кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласының әкімі | М. Айтенов |
Шымкент қаласы әкімдігінің 2020 жылғы "23" желтоқсандағы № 810 қаулысына қосымша |
Шымкент қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізімі
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 219 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4767, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 қарашада жарияланған);
2) "Тұрғын үй құрылысы мақсаттары үшін жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 341 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда жарияланған);
3) "Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 344 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қаңтарда жарияланған);
4) "Ақталған адамға куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 345 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қаңтарда жарияланған);
5) "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 346 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қаңтарда жарияланған);
6) "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 389 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 11 қаңтарда жарияланған);
7) "Ауыл және мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 315 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 1 мамырда жарияланған);
8) "Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 356 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 мамырда жарияланған);
9) "Сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 369 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 42, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 мамырда жарияланған);
10) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 370 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 41, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 мамырда жарияланған);
11) "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 371 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 39, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 20 мамырда жарияланған);
12) "Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 372 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 40, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 21 мамырда жарияланған);
13) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 442 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 43, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 маусымда жарияланған);
14) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 443 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 45, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 маусымда жарияланған);
15) "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 24 мамырдағы № 444 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 44, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 маусымда жарияланған);
16) "Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 10 маусымдағы № 483 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 46, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 шілдеде жарияланған);
17) "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 533 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 13 шілдеде жарияланған);
18) "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 1 қазандағы № 753 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 63, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 қазанда жарияланған);
19) "Егін және су шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 765 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 67, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қарашада жарияланған);
20) "Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 766 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 62, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 9 қазанда жарияланған);
21) "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 815 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 69, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қарашада жарияланған);
22) "Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 816 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 70, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 қарашада жарияланған).