"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35, 37 баптарына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес және Шымкент қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі коммисия отырысының 2019 жылғы 29 тамыздағы № 9 хаттамасына сәйкес, Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шымкент қаласы Абай ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Абай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесі Шымкент қаласында таратылатын баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуді;
3) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Н.Тілешке жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі | Б. Парманов |