"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Нығмашевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Б. Сапарбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 280 қаулысына қосымша |
Жамбыл облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3023 болып тіркелген, 2016 жылдың 18 сәуірінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 199 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3144 болып тіркелген, 2016 жылдың 5 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 60 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3795 болып тіркелген, 2018 жылдың 3 мамырында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
4. "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 61 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3793 болып тіркелген, 2018 жылдың 3 мамырында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
5. "Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 60 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 89 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3857 болып тіркелген, 2018 жылдың 21 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
6. "Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 05 сәуірдегі № 61 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 90 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3858 болып тіркелген, 2018 жылдың 21 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
7. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 79 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4188 болып тіркелген, 2019 жылдың 18 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
8. "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 шілдедегі № 199 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 5 сәуірдегі № 80 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4191 болып тіркелген, 2019 жылдың 19 сәуірінде электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
9. "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 04 наурыздағы № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 маусымдағы № 125 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4257 болып тіркелген, 2019 жылдың 25 маусымында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).
10. "Жамбыл облысы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2019 жылғы 13 қарашадағы № 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2019 жылдың 22 қарашасында электрондық түрдегі Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлердi эталондық бақылау банкiнде жарияланған).