Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 58-3 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 маусымда № 4636 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 15 наурыздағы № 14-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.03.2024 № 14-8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Ж. Жексембиев
      Тараз қалалық
      мәслихатының хатшысы Б. Кулекеев

  Тараз қалалық мәслихатының
2020 жылғы 15 маусымдағы
№ 58-3 шешіміне қосымша

Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы Тараз қаласы бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы Тараз қаласында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегі аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      3. Тұрғын үй көмегі "Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - уәкілетті орган) тағайындалады.

      3-1. Тұрғын үй көмегіне өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық бөлімдері (бұдан әрі - мемлекеттік корпорациясы) және "электронды үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      3-2. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін мемлекеттік корпорациясына немесе порталға тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      3-3. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі мемлекеттік корпорациясынан немесе порталдан түскен құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      4. Отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін мемлекеттік корпорациясы немесе портал арқылы өтініш береді және мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

      2) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;

      3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);

      4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;

      5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;

      6) банктік шоты;

      7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар;

      8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

      9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

      10) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

      Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      4-1. Мемлекеттік корпорациясы арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      4-2. Осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, мемлекеттік корпорациясы қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      4-3. Портал арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      4-4. Мемлекеттік корпорациясы өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      4-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге портал не мемлекеттік корпорациясы арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      4-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап мемлекеттік корпорациясы немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне сәйкес анықталады.

      6. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі және тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      7. Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табысының Тараз қаласының тұрғындары үшін 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      8. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.

      Егер шығыстарға нормативтер мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығындарды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:

      Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары бір айға:

      жеке басты азаматтар үшiн – 30 (отыз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;

      екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне - 18 (он сегіз) шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес.

      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.

      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

      10. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      11. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемін, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтыну ақысын, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкілетті органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы, алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң есеп шотына немесе өтініш иесінің жеке есеп шотына аударылады.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз

Решение Таразского городского маслихата Жамбылской области от 15 июня 2020 года № 58-3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 23 июня 2020 года № 4636. Утратило силу решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 15 марта 2024 года № 14-8

      Сноска. Утратило силу решением Таразского городского маслихата Жамбылской области от 15.03.2024 № 14-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Таразский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз согласно приложению.

      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Таразского городского маслихата по образованию, здравоохранению, культуре, молодежной политике и социальной сфере.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Таразского городского маслихата Ж. Жексембиев
      Секретарь Таразского
      городского маслихата Б. Кулекеев

  Приложение к решению
Таразского городского маслихата
от 15 июня 2020 года № 58-3

Размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Тараз (далее - Порядок) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи".

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета в городе Тараз, малообеспеченным семьям (гражданам) постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе на капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.

      2. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в данной местности.

      3. Назначение жилищной помощи осуществляется коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программа кимата города Тараз" (далее - уполномоченный орган).

      3-1. Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через отделы города Тараз филиала некоммерческого акционерного общества "Государственная корпорация "Правительство для граждан" по Жамбылской области (далее - государственная корпорация) и веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее - портал).

      3-2. Семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) вправе обратиться в государственную корпорацию или на портал за назначением жилищной помощи один раз в квартал.

      3-3. Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от государственной корпорации составляет восемь рабочих дней.

      4. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) (либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) обращается в государственную корпорацию или посредством портала предоставлением следующих документов:

      1) документа, удостоверяющего личность заявителя (оригинал представляется для идентификации личности);

      2) документа, подтверждающего доходы семьи. Порядок исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи, определяется уполномоченным органом в сфере жилищных отношений;

      3) справки о пенсионных отчислениях (за исключением сведений, получаемых из соответствующих государственных информационных систем);

      4) справки с места работы либо справки о регистрации в качестве безработного лица;

      5) сведений об алиментах на детей и других иждивенцев;

      6) банковского счета;

      7) счета о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума;

      8) счета на потребление коммунальных услуг;

      9) квитанции-счета за услуги телекоммуникаций или копии договора на оказание услуг связи;

      10) счета о размере арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, предъявленного местным исполнительным органом.

      Истребование документов, не предусмотренных настоящим пунктом, не допускается.

      4-1. При приеме документов через государственную корпорацию услугополучателю выдается расписка о приеме соответствующих документов.

      4-2. В случае представления неполного пакета документов, предусмотренного пунктом 4 настоящего Порядка, работник государственной корпорации выдает расписку об отказе в приеме документов.

      4-3. В случае обращения через портал, услугополучателю в "личный кабинет" направляются статус о принятии запроса на оказание государственной услуги, а также уведомление с указанием даты и времени получения результата государственной услуги.

      4-4. Государственная корпорация принимает заявление посредством информационной системы и направляет его в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи.

      4-5. Уполномоченный орган отказывает в предоставлении жилищной помощи на основании установления недостоверности документов, представленных семьей (гражданином) (либо его представителем по нотариально заверенной доверенности), и (или) данных (сведений), содержащихся в них, и в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подачи заявления направляет заявителю мотивированный отказ посредством портала либо государственной корпорацией.

      4-6. Решение о назначении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе в предоставлении услуги принимается уполномоченным органом, осуществляющим назначение жилищной помощи. Уведомление о назначении либо мотивированный ответ об отказе в назначении жилищной помощи направляется в государственную корпорацию или "личный кабинет" в виде электронного документа.

      5. Порядок исчисления совокупного дохода семьи претендующей на получение жилищной помощи, определяется согласно порядка исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан) претендующей на получение жилищной помощи утвержденный приказом министра Индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 24 апреля 2020 года № 226 "Об утверждении Порядка исчисления совокупного дохода семьи (гражданина Республики Казахстан), претендующей на получение жилищной помощи".

      6. Совокупный доход семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествующий кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, установленном действующим законодательством и жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления на текущий квартал.

2. Размер оказания жилищной помощи

      7. Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается для жителей города Тараз в размере 5 (пять) процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).

      8. Нормативы потребления коммунальных услуг, обеспечиваемых компенсационными мерами для потребителей, не имеющих приборов учета, устанавливаются в соответствии с действующим законодательством.

      Если нормативы и тарифы на расходы не определены в установленном законодательством порядке, возмещение затрат производится по фактическим расходам.

      9. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии c нижеследующими нормами потребления:

      Нормы площади жилья, обеспечиваемые компенсационными мерами на один месяц:

      для одиноких граждан – 30 (тридцать) квадратных метров, но не более размера фактически занимаемой площади;

      для семьи из двух и более человек – 18 (восемнадцать) квадратных метров на каждого члена семьи, но не более фактически занимаемой площади;

      Нормы потребления коммунальных услуг эквивалентны нормам отпуска коммунальных услуг, применяемых территориальным уполномоченным органом по регулированию естественных монополий (монополистической деятельности), при утверждении ими тарифов (цен) на оказываемые услуги.

      Нормы расходов и их тарифы по водоснабжению, теплоснабжению, вывозу мусора, расходов на содержание жилья предоставляются поставщикам услуг.

      10. Компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с правилами компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденный постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам".

3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      11. Суммы, начисленные на оплату расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде уполномоченным органом через банки второго уровня по письменному заявлению получателей могут перечисляться на лицевые счета соответствующих услугодателей, а также на лицевые счета получателей.