Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 29.03.2024 № 22-5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматттарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Байзақ аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С. Молдабеков |
Байзақ аудандық | |
мәслихат хатшысы | Н. Тлепов |
Байзақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 67-14 шешіміне қосымша |
Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары
1. Жалпы ережелер.
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 25.08.2020 № 71-5 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Байзақ ауданы бойынша аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Қағидалары (әрi қарай - Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.
2. Осы Қағидаларда келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
- коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, қоқыс әкетуді қамтитын қызметтер;
- қызмет көрсетуші – коммуналдық қызметтерді көрсетумен айналысатын заңды немесе жеке тұлға;
- өтiнiш иесi (жеке тұлға) – жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген тұлға;
- уәкiлеттi орган – "Байзақ ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Байзақ ауданында тұратын Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғын жайы ретінде меншік құқығындағы тұрғын жайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғын жайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
- кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;
- коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;
- мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге көрсетіледі.
4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
5. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп- ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Отбасының (азаматтың) шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 10 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
6. Тұрғын көмегін алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу "Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен бекітілген тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібіне сәйкес анықталады.
7. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникацияның желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеу жалпы негіздерде жүргізіледі.
Тұрғын үй көмегiн көрсетуге өтiнiш қабылдау ағымдағы тоқсанның iшiнде жүргiзiледi және өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанға тағайындалады.
8. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
Мүгедектерді, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарды, үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыз тұлғаларды, жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін адамдары бар аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері.
9. Өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi және телекоммуникацияның желiсiне қосылған телефонға абоненттiк ақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына, тұрғын үй - жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан аса алмайды.
11. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
12. Тұрғын үй көмегiнiң заңсыз алынған сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
13. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
- жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
- екi және одан да көп адамнан тұратын отбасының әрбір мүшесiне - 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
2) электр қуатын пайдалану нормалары (айына):
- 1 адамға -80 киловатт;
- 2 адамға -160 киловатт;
- 3 адамға -240 киловатт;
- 4 және одан да көп адамға – 300 киловатт;
Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополисттiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламалы.
Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті сумен, газбен, электрмен жабдықтауды және қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
14. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация
қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің ережесіне сәйкес жүргізіледі.
3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi.
15. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына, тұрғын үй-жайды падаланғаны үшін жалға алу төлемақысын өтеу өтемақы сомалары уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
4. Қорытынды ережелер.
16. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының Қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.