Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 8, 12 бабтарына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сауда қызметін реттеу үшін стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Қордай ауданы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Кузербаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысы Қордай | |
ауданының әкімі | Р. Дәулет |
Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 05 қазандағы №434 қаулысына қосымша |
Қордай ауданының стационарлық емес сауда объетілерін орналастыруға арналған орындар
№ | Ауылдық округ атауы | Орналасқан жері | Жалпы аумағы (шаршы метр) | Бағыт схемасы | Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі | Жаңа маңдағы инфрақұрылымды есепке ала отырып қызмет саласы |
1 | Қордай | Төле би көшесі | 950 м2 | "Бауырхан" базары | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
Қордай | Жамбыл көшесі | 1200 м2 | "Үсен-Ұлы" базары | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері | |
Қордай | Манас көшесі | 3550 м2 | "Барыс-2" базары | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері | |
Қордай | Жібек Жолы көшесі | 840 м2 | "Дастай ата" базары | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері | |
2 | Ноғайбай | Б.Момышұлы көшесі | 240 м2 | №18 үйдің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
3 | Алға | Ж.Алдабергенов көшесі | 120 м2 | №63 үйдің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
4 | Кенен | Орталық көшесі | 240 м2 | Орталық көшесінің бойы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
5 | Отар | Қ.Жекенов көшесі | 295 м2 | "Береке" базарының маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
6 | Үлкен Сұлутөр | Жібек Жолы және Д.Қонаев көшелерінің қиылысы | 150 м2 | "Алия" дүкенінің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
7 | Сұлутөр | Жамбыл көшесі | 180 м2 | "Айбар" дүкенінің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
8 | Қасық | Н.Тлеубай және Мичурин көшелерінің қиылысы | 85 м2 | Н.Тлеубай және Мичурин көшелерінің қиылысының сол жағы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
9 | Степной | Тамаша көшесі | 215 м2 | Тамаша көшесінің бойы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
10 | Жамбыл | Бірлік көшесі | 170 м2 | Бірлік көшесінің бойы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
11 | Бетқайнар | Төле би және Жеңіс көшелерінің қиылысы | 260 м2 | "Қуаныш" және "Айдана" дүкендердің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
12 | Қақпатас | Д.Қонаев көшесі | 230 м2 | "Жұбатхан" дүкенінің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
13 | Сарыбұлақ | Тайчибеков көшесі | 330 м2 | Мәдениет үйіне қарама-қарсы бет | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
14 | Қарасу | Нұрлы жол көшесі | 220 м2 | №3а үйдің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
15 | Ауқатты | Абай көшесі | 510 м2 | "Алия" дүкенінің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
Ауқатты | Тікжол көшесі | 435 м2 | ветеринарлық пунктінің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері | |
16 | Сортөбе | Алтын Орда көшесі | 980 м2 | №143а үйдің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
Сортөбе | Биянху көшесі | 850 м2 | "Биянху" көкөніс базарының маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері | |
17 | Масаншы | Мәңгілік Ел көшесі | 580 м2 | шағын базар маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
18 | Қаракемер | Аймаш Баямбаева көшесі | 310 м2 | № 2А үйдің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |
19 | Қарасай | Ж.Сураубаев көшесі | 260 м2 | №100 үйдің және "Алтынай" дүкенінің маңы | 5 жыл | Ауыл шаруашылық өнімдері |