2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 199 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 мамырда № 4620 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы"2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 37 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9, 27 баптарына сәйкес Меркі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Меркі ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына қызметкерлерінің жалпы санынан квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Меркі ауданы әкімдігінің "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Меркі ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамаларда белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қасым Марат Жарылқасынұлына жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Меркі ауданының әкімі М. Өмірбек

  2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 199 қаулысына қосымша

2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Жылыбұлақ- Меркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

114

2

2

2

"Сыпатай батыр" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

81

2

2

3

"Мерке - ет комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

56

2

1

4

"Олжа" шаруа қожалығы

50

2

1

5

"Ниет" шаруа қожалығы

50

2

1


Барлығы

351


7


Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год

Постановление акимата Меркенского района Жамбылской области от 26 мая 2020 года № 199. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 27 мая 2020 года № 4620

      В соответствии со статьей 37 Закона Республики Казахстана от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 9, 27 Закона Республики Казахстана от 6 апреля 2016 года "О занятости населения" акимат Меркенского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год от общей численности работников организации независимо от организационно-правовой формы и формы собственности по Меркенскому району согласно приложению.

      2. Коммунальному государственному учреждению "Центр занятости населения акимата Меркенского района" обеспечить организацию квотирования рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год.

      3. Коммунальному государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ акимата Меркенского района" в установленном законодательством порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Касыма Марат Жарылкасынулы.

      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Меркенского района М. Өмірбек

  Приложение к постановлению
от 26 мая 2020 года № 199

Квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации на 2020 год

Наименования организаций

Списочная численность работников на начало года (человек)

Размер установленной квоты

Для лиц, состояших на учете службы пробации

% от списочной численности работников

Количество рабочих мест (единиц)

1

Товарищество с ограниченной ответственностью "Жылыбулақ-Меркі"

114

2

2

2

Товарищество с ограниченной ответственностью "Сыпатай батыр"

81

2

2

3

Товарищество с ограниченной ответственностью "Мерке-ет комбинаты"

56

2

1

4

Крестьянское хозяйство "Олжа"

50

2

1

5

Крестьянское хозяйство "Ниет"

50

2

1


Всего

351


7