"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Андас батыр ауылдық округінің Шалдовар стансасындағы және Гранитогорск кентінің көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Железнодорожная көшесі Алаш көшесіне;
Больничная көшесі Ақкент көшесіне;
Дорожная көшесі Бауыржан Момышұлы көшесіне;
Кооперативная көшесі Шақпақты көшесіне;
Арычная көшесі Әлия Молдағұлова көшесіне;
Набережная көшесі Дінмұхамед Қонаев көшесіне;
Столбовая көшесі Ақтөр көшесіне;
Высокая көшесі Алатау көшесіне;
Школьная көшесі Болашақ көшесіне;
Садовая көшесі Самал көшесіне;
Ленин көшесі Достық көшесіне;
Гранитная көшесі Қаныш Сатпаев көшесіне;
Молодежная көшесі Арай көшесіне;
Мира көшесі Бейбітшілік көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Андас батыр ауылдық округі әкімінің орынбасары Е.Набиевке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Андас батыр ауылдық | |
округінің әкімі | Б. Мажиев |