Талас ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 80-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 қазанда № 4763 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 05.05.2023 № 3-3 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Талас ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі және мөлшері.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 05.05.2023 № 3-3 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Талас ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № 7-3 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3154 тіркелген, 2016 жылы 07 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын жариялау Талас аудандық мәслихатының тұрғындарды әлеуметтік-құқықтық қорғау және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген кіннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы Г. Картабаев
      Талас аудандық
      мәслихат хатшысы А. Тулебаев

  Талас аудандық мәслихатының
2020 жылғы 9 қазандағы
№ 80-6 шешіміне қосымша

Талас ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу тәртібі мен мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 05.05.2023 № 3-3 (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы Талас ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 "Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен бекітілген "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметін көрсету (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) қағидаларына (бұдан әрі - шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.

      2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.

      3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.

      4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.

      5. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы), төлемдер тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

      7. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мөлшері әрбір мүгедектігі бар балаға оқу кезеңінде тоқсанына бір рет алты айлық есептік көрсеткішке тең.

      8. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуден бас тарту негіздері шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасының тоғызыншы жолында көзделген.

Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Таласском районе

Решение Таласского районного маслихата Жамбылской области от 9 октября 2020 года № 80-6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 16 октября 2020 года № 4763

      Сноска. Заголовок - в редакции решения Таласского районного маслихата Жамбылской области от 05.05.2023 № 3-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико – педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями" Таласский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить "Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Таласском районе", согласно приложению к настоящему решению;

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Таласского районного маслихата Жамбылской области от 05.05.2023 № 3-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Таласского районного маслихата Жамбылской области от 17 августа 2016 года № 7-3 "Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Таласском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3154, опубликованное 07 сентября 2016 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения вложить на постоянную комиссию по социально – правовой защите жителей и вопросам культуры Таласского районного маслихата.

      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      Таласского районного маслихата Г. Картабаев
      Секретарь маслихата
      Таласского района А. Тулебаев

  Приложение к решению
Таласского районного маслихата
от 9 октября 2020 года № 80-6

Порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Таласском районе

      Сноска. Приложение 1 - в редакции решения Таласского районного маслихата Жамбылской области от 05.05.2023 № 3-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования).

      1. Настоящий порядок и размер возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Таласском районе разработаны в соответствии с Правилами оказания государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью", утвержденными Приказом Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 25 марта 2021 года № 84 "О некоторых вопросах оказания государственных услуг в социально-трудовой сфере" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 22394) (далее - Правила возмещения затрат).

      2. Возмещение затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану (далее - возмещение затрат на обучение) производится коммунальным государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ акимата Таласского района" на основании справки из учебного заведения, подтверждающей факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      3. Возмещение затрат на обучение (кроме детей с инвалидностью, находящихся на полном государственном обеспечении и детей с инвалидностью, в отношении которых родители лишены родительских прав) предоставляется одному из родителей или иным законным представителям детей с инвалидностью, независимо от доходов семьи.

      4. Возмещение затрат на обучение производится с месяца обращения по месяц окончания срока, указанных в справке из учебного заведения, подтверждающих факт обучения ребенка с инвалидностью на дому.

      5. При наступлении обстоятельств, повлекших прекращение возмещения затрат на обучение (достижение ребенка с инвалидностью восемнадцати лет, окончания срока инвалидности, в период обучения ребенка с инвалидностью в государственных учреждениях, смерть ребенка с инвалидностью), выплата прекращается с месяца, следующего за тем, в котором наступили соответствующие обстоятельства.

      6. Для возмещения затрат на обучение заявитель обращается в уполномоченный орган через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) с заявлением по форме согласно приложению 1 или 2 к Правилам возмещения затрат с приложением документов, указанных в перечне основных требований к оказанию государственной услуги "Возмещение затрат на обучение на дому детей с инвалидностью" согласно приложению 3 к Правилам возмещения затрат.

      При обращении заявителя за назначением выплаты по возмещению затрат на обучение посредством портала запрос в информационные системы государственных органов и (или) организаций для подтверждения представленных сведений и получения необходимых сведений, предусмотренных в форме заявления согласно приложению 2 к Правилам возмещения затрат, осуществляется самим заявителем.

      7. Размер возмещения затрат на обучение равен шести месячным расчетным показателям на каждого ребенка с инвалидностью один раз в квартал в период обучения.

      8. Основания для отказа в возмещении затрат на обучение предусмотрены строкой девять приложения 3 к правилам возмещения затрат.