Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 12 желтоқсандағы қорытындысы және Теміртау қалалық мәслихатының 2019 жылғы 31 қазандағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттама негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы келесі құрамдас бөліктер:
Комсомол даңғылы – Бауыржан Момышұлы даңғылы;
Димитров көшесі – Абай көшесі;
Коммунаров көшесі – Олег Тищенко көшесі;
Калинин көшесі – Сәкен Сейфуллин көшесі;
Герцен көшесі – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;
Тольятти көшесі – Еламан Байғазиев көшесі деп қайта аталсын.
2. Қарағанды облысы Теміртау қаласының шығысында Республика даңғылынан Димитров көшесіне дейін орналасқан атауы жоқ скверге – "Теміртау жастары" атауы берілсін.
3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Сессия төрағасы | Б. Шингисов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |