Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы және Целинный ауылдық округінің 2019 жылғы 5 қарашадағы жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданындағы Целинный ауылдық округі – Орынбай ауылдық округі деп қайта аталсын.
2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі | Ж. Қасымбек |
Сессия төрағасы | Б. Шингисов |
Облыстық мәслихат хатшысы | С. Утешов |