Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы

Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 540 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 маусымда № 5882 болып тіркелді

      "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабы 5 тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Брамонтова
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

  Қарағанды облыстық
мәслихатының
2020 жылғы 11
маусымы
№ 540
шешімімен бекітілген

Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері

      1. Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары және оның мөлшері (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес әзірленді және Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтарға коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу (бұдан әрі – әлеуметтік қолдау) тәртібін және оның мөлшерін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Қарағанды облысының ауылдық елді мекендерінде кәсіби қызметті жүзеге асыратын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен педагогтар лауазымдарының тізбесіне сәйкес педагогтарға қолданылады.

      3. Әлеуметтік қолдау біржолға жылына бір рет көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік қолдау бюджет қаражаты есебінен он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік қолдауды тағайындау мен төлеуді аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері білім беру ұйымдарының бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізім негізінде жыл сайын 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жүзеге асырады.

      6. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

Об утверждении Правил оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств и их размеров педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области

Решение Карагандинского областного маслихата от 11 июня 2020 года № 540. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 18 июня 2020 года № 5882

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 5 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года "О статусе педагога" Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств и их размеров педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии С. Брамонтова
      Секретарь областного маслихата С. Утешов

  Утверждены решением
Карагандинского областного маслихата
от 11 июня 2020 года
№ 540

Правила оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств и их размеров педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области

      1. Настоящие Правила оказания социальной поддержки по оплате коммунальных услуг и приобретению топлива за счет бюджетных средств и их размеров педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 27 декабря 2019 года "О статусе педагога" и определяют порядок оплаты коммунальных услуг и приобретения топлива за счет бюджетных средств и их размер (далее-социальная поддержка) педагогам, осуществляющим профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области.

      2. Настоящие Правила распространяются на педагогов в соответствии с Перечнем должностей педагогов, утвержденным уполномоченным органом в области образования, осуществляющих профессиональную деятельность в сельских населенных пунктах Карагандинской области.

      3. Социальная поддержка предоставляется единовременно один раз в год.

      4. Социальная поддержка оказывается за счет средств бюджета в размере десяти месячных расчетных показателей.

      5. Назначение и выплата социальной поддержки осуществляется районными (городскими) отделами занятости и социальных программ на основании сводных списков, утвержденных первыми руководителями организаций образования ежегодно по состоянию на 1 сентября.

      6. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.