Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2016 жылғы 27 қыркүйектегі № 4/50 "Жезқазған қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3998 тіркелген, 2016 жылғы 31 қазандағы "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 7 қарашадағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде, 2016 жылдың 4 қарашадағы № 45 (8005) "Сарыарқа" газетінде, 2016 жылдың 4 қарашадағы №45(147) "Жезказганский вестник" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы | С. Филипович |
Жезқазған қалалық маслихатытың хатшысы | С. Медебаев |