Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 27.12.2023 № 99 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы ХХ сессиясының № 189 "Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болуы және жинақталу нормаларын, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4585 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 27 қаңтарда № 4 (889) "Қазыналы өңір" газетінде, 2018 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімге 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Т. Касимов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | З. Оспанова |
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 ақпаны № 362 шешіміне 1 қосымша |
|
Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 189 шешіміне 1 қосымша |
Қаражал қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептік бірлікке жылдық норма, м3 |
1 | Жайлы және жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,64 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,05 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,83 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,75 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,30 |
6 | Емханалар | 1 келіп кету | 0,0062 |
7 | Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 1,20 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,25 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,21 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отыратын орын | 0,420 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,0043 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,045 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,08 |
14 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | Сауда алаңы 1 м2 | 1,250 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1м2 | 0,320 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,46 |
17 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
18 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,38 |
19 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,8 |
20 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,38 |
21 | Жағажайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,74 |
22 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,47 |
23 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 0,55 |
24 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,3 |
25 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,35 |
26 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,37 |
27 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,4 |
28 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,15 |
29 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) | 1 жұмыс орны | 0,37 |
30 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,71 |
31 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,004 |
32 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,73 |
Ескерту: м2 - шаршы метр.
Қаражал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 10 ақпаны № 362 шешіміне 2 қосымша |
|
Қаражал қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 189 шешіміне 2 қосымша |
Қаражал қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
№ р/р | Атауы | Есептік бірлік | 1 м3 тарифі (ҚҚС) (теңге) | Қызметтер құны, теңге |
1. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тариф | |||
1.1 | Жеке тұлғалар | 1 тұрғын/айына | 1355,6 | 185,3 |
1.2 | Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1м3 | 1355,6 | 1355,6 |
2. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкетуге арналған тариф | |||
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 тұрғын/айына | 1035,7 | 141,5 |
2.2 | Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1м3 | 1035,7 | 1035,7 |
3. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған тариф | |||
3.1 | Жеке тұлғалар | 1м3 | 319,9 | 319,9 |
3.2 | Заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік субъектілері | 1м3 | 319,9 | 319,9 |
4. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған тариф | 1м3 | 0 | 0 |
5. | Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге арналған тариф | 1м3 | 0 | 0 |
Ескерту: ҚҚС – қосылған құн салығы;
м3 - текше метр.