ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 281 "Тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4812 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 маусымдағы "Шарайна" № 23 (2316) газетінде және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 18 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | И. Бралин |
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы | Т. Хмилярчук |