Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 1520/22 "Салық салу нысаны бірлігіне тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тізілімінде № 4869 тiркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлер электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 шілдеде, 2018 жылғы 20 шілдеде № 29 "Шахтинский вестник" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Сессия төрағасы | А. Есмаганбетов |
Шахтинск қалалық мәслихатының хатшысы | Ж. Мамерханова |