Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда, меншік нысанына және ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан, ұйымдарда жұмыс орындарының тізімдік санынан пайызбен көрсеткенде қосымшаға сәйкес мүгедектер үшін 2% - дан бастап 4% - ға дейінгі көлемде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | Б. Асанов |
Абай ауданының әкімдігі 2020 жылғы 17 наурызы № 13/01 Қаулысы қосымша |
Мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Абай ауданы ұйымдарының тізімі
№ | Ұйымның атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны | Қызметкерлердің тізімдік санынан алғандағы квотаның көлемі (%) | Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны |
1 | "Қарағанды облысы Абай ауданының қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесі" коммулдық мемлекеттік мекемесі | 68 | 2 | 1 |