Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 25.02.2021 № 3/37 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Абай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
2. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Черепанов |
Абай аудандық мәслихатының хатшысы | Б. Цай |