Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 09.10.2024 № 56/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының басшысына және әкім орынбасарларына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоғай ауданының әкімі | С. Әбеуова |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қарашасы № 56/01 қаулысына қосымша |
"Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану жөнінде осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 35-бабына сәйкес әзірленді және "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін анықтайды.
2. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне мынадай көтермелеулер қолданылады:
1) біржолғы ақшалай сыйақы;
2) алғыс жариялау;
3) грамотамен марапаттау;
4) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.
3. Мемлекеттік қызметшіге бір ерекшелігі үшін бір көтермелеу ғана қолданылады.
4. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін көтермелеу құрамын аудан әкімінің өкімімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу мәселелері жөніндегі Бірыңғай комиссиясының шешімінің негізінде жүргізіледі (бұдан әрі – Комиссия).
6. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілері қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі үшін ай сайын бір жолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
Осы тармақта көзделген ақшалай сыйақы төлемі "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен жүзеге асырылады.
7. Ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар міндеттерді орындағаны және жұмыстағы басқа жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша Қағиданың 6 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметшілер "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламасын қаржыландыру жоспары бойынша қаржыны үнемдеу жолымен комиссия ұсынымы негізінде Ақтоғай ауданы әкімінің өкімі және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органның бұйрығы негізінде біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.
8. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне біржолғы ақшалай сыйақы төлеу Ақтоғай ауданы әкімінің өкімі және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органның бұйрығымен жүзеге асырылады.
9. Қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны, қызметте жоғары нәтижеге қол жеткізгені, ерекше маңызды міндеттерді шешуге қосқан жеке үлесі үшін мемлекеттік қызметшілер Ақтоғай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталады.
10. "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданы бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің Ақтоғай ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттау мен көтермеленуді есепке алуды Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі мемлекеттік қызметшінің еңбек кітапшасына және жеке іс қағазына деректерді енгізе отырып жүргізеді.
11. Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес "Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және Ақтоғай ауданының бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеудің басқа формалары қолданылады.
12. Мемлекеттік қызметшілер мына жағдайларда көтермелеуге жатпайды:
1) алып тастамаған тәртіптік жазасы болса;
2) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
3) "А", "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшісіне қатысты Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеруі кезінде;
4) мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегендер.