Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы № 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 наурыздағы № 51/357 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 наурызда № 5771 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/119 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 28.06.2024 № 16/119 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы № 2/17 "Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-12-125 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі № 16 (9489) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған), шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінде:

      кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "Осы Жаңаарқа ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету туралы Ережесі (әрі қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Жаңаарқа ауданының аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындайды.";

      1-тармақтың 1-1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1-1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      1-тармақтың 10)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын, жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар түріндегі үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге жинақталатын ақша;";

      1-тармақтың 12)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "12) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;";

      2-тармақтың 1)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;";

      2-тармақтың 2)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;";

      2-тармақтың 3)-тармақшасы алынып тасталсын;

      2-тармақтың 4)-тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";

      3 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3. Тұрғын үй көмегі Жаңаарқа ауданында тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасына сәйкес жеткiзушiлер ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу шоттары мен ай сайынғы жарналардың шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Шекті жол берілетін шығыстар үлесі жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, сондай-ақ телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің артуына ақы төлеу отбасының (азаматтың) жиынтық табысының он бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.";

      14 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "14. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, табыстар жөніндегі мәліметтерді тоқсан сайын ұсынумен бір жылдық мерзімге тағайындалады.";

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Рыспеков
      Жаңаарқа аудандық мәслихат хатшысы К. Имантусупов

О внесении изменений в решение Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года № 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района"

Решение Жанааркинского районного маслихата Карагандинской области от 27 марта 2020 года № 51/357. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 31 марта 2020 года № 5771. Утратило силу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 28 июня 2024 года № 16/119

      Сноска. Утратило cилу решением Жанааркинского районного маслихата области Ұлытау от 28.06.2024 № 16/119 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Жанааркинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Жанааркинского районного маслихата от 25 февраля 2012 года № 2/17 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 8-12-125, опубликовано в газете "Жаңаарқа" от 7 апреля 2012 года № 16 (9489)), следующие изменения:

      в Правилах оказания жилищной помощи населению Жанааркинского района, утвержденных указанным решением:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "Настоящие Правила предоставления жилищной помощи населению Жанааркинского района (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Законом Республики Казахстан от 5 июля 2004 года "О связи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" и определяют размер и порядок предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) Жанааркинского района.";

      подпункт 1-1) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1-1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услуг субъектов квазигосударственного сектора в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг, услуг по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий, услуг субъектов квазигосударственного сектора и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", а также обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме, осуществляющее государственную регистрацию прав на недвижимое имущество по месту его нахождения;";

      подпункт 10) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "10) расходы на содержание общего имущества объекта кондоминиума – обязательная сумма расходов собственников помещений (квартир) посредством ежемесячных взносов, установленных решением общего собрания, на эксплуатацию и ремонт общего имущества объекта кондоминиума, содержание земельного участка, приобретение, установку, эксплуатацию и поверку общедомовых приборов учета потребления коммунальных услуг, оплату коммунальных услуг, потребленных на содержание общего имущества объекта кондоминиума, а также накопление денег на предстоящий в будущем капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума или отдельных его видов;";

      подпункт 12) пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "12) доля предельно-допустимых расходов – отношение предельно-допустимого уровня расходов семьи (гражданина) в месяц на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, к совокупному доходу семьи (гражданина) в процентах;";

      подпункт 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;";

      подпункт 2) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;";

      подпункт 3) пункта 2 исключить;

      подпункт 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "4) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели, установленных местными представительными органами.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг и счетам о ежемесячных взносах на содержание общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума за счет бюджетных средств лицам, постоянно проживающим в Жанааркинском районе.

      Доля предельно-допустимых расходов семьи (гражданина) на содержание общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг, на арендную плату за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, а также повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций устанавливается к совокупному доходу семьи в размере пятнадцати процентов.";

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. Жилищная помощь назначается с месяца подачи заявления, сроком на один год с ежеквартальным предоставлением сведений о доходах.";

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж. Рыспеков
      Секретарь Жанааркинского районного маслихата К. Имантусупов