Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімінің 24.04.2020 № 2 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша аудандық комиссия отырысының 2020 жылғы 10 қаңтардағы № 1 хаттамасына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарқаралы ауданы Тәттімбет ауылдық округі Ақтасты аулында жергілікті ауқымдағы техногендік сипатта төтенше жағдай жариялансын.
2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Б.М. Токмурзин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Э. Дюсетаев |