Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра аудандық мәслихатының 7 сессиясының 2016 жылғы 6 қазандағы № 73 "Нұра аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4020 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 қарашадағы "Нұра" №44 (5489) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылдың 8 қарашасында жарияланған) шешімі күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
сессия төрағасы | Н. Сулейменов |
Нұра аудандық мәслихатының хатшысы | Т. Оспанов |