Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына және Қарағанды облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысына сәйкес, Нұра кентінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданы Нұра кентінің Ақпасов көшесінің бөлігі (№ 53-60, 62-72 үйлер аралығы) Ерлан Нұрғалиев көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра кенті әкімінің орынбасары Ж.А. Балабиевке жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
М. Тураров |