Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімінің 28.05.2020 № 03 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48 бабы және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес Осакаров ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысы Осакаров ауданының Осакаровка, Молодежный кенттерінің аумақтарында, Сарыөзек, Пионер, Озерный, Николаев, Тельман, Құндызды, Қарағайлы, Сұңқар ауылдық округтерінің аймағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Рымбайұлы Ламбеков тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 17 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
Осакаров ауданының әкімі | Н. Кобжанов |