Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңдарына сәйкес, Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осакаров аудандық мәслихатының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі 7 сессиясының № 100 "Осакаров аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3968 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 қазандағы "Әділет" ақпараттық -құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 8 қазандағы № 40 (7524) "Сельский труженик" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Бекова |
Осакаров аудандық мәслихатының хатшысы | К. Саккулаков |