Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 4/43 "Приозерск қалалық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлікті беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3971 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 18 қарашада және 2016 жылғы 14 қазанда № 41/477 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Д. Дюсембаев |
Қалалық мәслихат хатшысы | Б. Сарсембеков |