"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қызылорда қаласы аумағында тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 19 маусымдағы № 240-43/5 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 6830 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 9 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХХХІХ сессиясының төрағасы |
М. Каримбаев |
Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы |
Р. БУХАНОВА |