"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Арал аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 112 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6040 тіркелген, 2017 жылы 23 қарашадағы № 99 аудандық "Толқын" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 5 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
А. Асанбаев | |
Арал аудандық мәслихатының хатшысы | Д. Мадинов |