Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 13.10.2021 № 147-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2 - қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Е. Талекеновке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал ауданының әкімі | М. Уразбаев |
Арал ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 140-қ | |
қаулысына 1-қосымша |
2021 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) |
Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі |
1 | "Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 56 | 3,57% |
Арал ауданы әкімдігінің | |
2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 140-қ | |
қаулысына 2-қосымша |
2021 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) |
Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі |
1 |
"Арал" Сервистік дайындау орталығы" | 40 | 5% |