"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазалы ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазалы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 71 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6791 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазалы ауданының әкімі | М. Ергешбаев |