"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Облыстық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 10 желтоқсандағы №3 қорытындысына сәйкес, Басықара ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Басықара ауылдық округі, Басықара ауылының "Балықшылар" көшесі "Сәду Тасмағамбетов" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басықара ауылдық округінің әкімі | М. Бекмамбетов |