“Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы” Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Жалағаш аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020 жылға Жалағаш ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 09.09.2020 № 62-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш аудандық мәслихатының 52-сессиясының төрағасы, Жалағаш аудандық мәслихатының хатшысы |
М. Еспанов |