"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 шілдедегі № 206 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6371 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Сырдария аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы |
Ж. Ембергенов |
Сырдария аудандық мәслихат хатшысы |
Е. Әжікенов |